Құрметті Әділет органдары қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әділет органдарының өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсетуі, құқық үстемдігін қамтамасыз етуі, Әділет органдары қызметкерлерінің кәсібиліктері мен күш-жігерлеріне тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда әділет органдары жүктелген құқықтық көмек пен заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асырып келеді. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан да елдің Туын тік көтеріп, мәртебесін асыратын, абыройын асқақтататын қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Әділдік жолында қызмет атқарып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылмауы және барлық мәселелердің заң шеңберінде жүзеге асуы үшін еңбек етіп жүрген әділет органының қызметкерлерінің еңбегі зор екені бәрімізге мәлім.
Әділет органдарының алдына қойылған мақсаттары- заңдылықты қамтамасыз ету, заң шығармашылығы, құқықтық ағарту мен адам құқығын қорғау. Осы орайда әділет жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Кәсіби мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ береке тілейміз!
Құрметпен,
Нұр-Сұлтан қаласы
нотариаттық палатасының
Төрайымы- А.Айкешева