Астана қаласының Нотариаттық палатасы нотариустарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Қазақстанның тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылданғанынан бастау алады. Бұл атаулы күн еліміздің мерекелік күнтізбесіне республикалық маңызы бар оқиға ретінде енгізілді. Енді «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында Тәуелсіздік күні ел бостандығы үшін күресіп, жанын қиған халық қаһармандарына арналған мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды.
Астана қаласының Нотариаттық палатасы нотариустарді Тәуелсіздік күнімен құттықтайды, Сіздерге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейді.
Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!