Құрметті Астана қаласының нотариустары!
Кәсіби мерекелеріңіз — Нотариат күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Нотариаттық қоғамдастық азаматтар мен заңды тұлғалар мүдделерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін қуатты институт болып табылады. Сіздердің қызметтеріңіз экономикалық-құқықтық қатынастар саласындағы тұрақтылыққа қол жеткізуге ықпал етуде. Сіздерге мемлекет пен қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі, берік азаматтық ұстаным және адамдарға деген ықыласты қарым-қатынас сияқты қасиеттер тән.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, отбасылық жайлылық пен амандық, сондай-ақ Сіздердің игі істеріңізге тек табыс тілейміз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз сәттілік пен жаңа жетістіктер әкелсін, ал әріптестеріңіздің қолдауы мен азаматтардың ризашылығы Сіздерге күш-қуат сыйласын.
Қазақстан Республикасында нотариат мәртебесін көтеру мақсатында «Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Премьер-Министр орынбасарының — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығымен 14 шілде жыл сайын атап өтілетін кәсіби мереке – Нотариат күні болып белгіленді.
Дәл осы күні 1997 жылы «Нотариат туралы» Заңға қол қойылған болатын.
Біздің заңымыздың арқасында нотариат осы жылдар бойы азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғап қана қоймай, мүліктік кепілдіктер беретін, сондай-ақ бірегей және ыңғайлы заманауи сервистерді құратын және дамытатын сенімді құқықтық институттың рөлін атқаруда.
Астана қаласының Нотариаттық палатасы