ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІМЕН!

Нотариальная палата города Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІМЕН!

Құрметті Астана қаласының нотариустары!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызында өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Конституция – біздің Ата Заңымыз — мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының, елдегі тыныштық пен келісімнің кепілі, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі!

Осы мереке күні Сіздерге шын жүректен жақсылық, кәсіби қызметіңізге толағай табыс, еліміздің гүлденуі мен дамуы жолында жаңа жетістіктер тілейміз!

Астана қаласының Нотариаттық палатасы