Осы жылы ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай Астана қаласының Нотариаттық палатасы арнайы бейнеролик түсірді.
Аталған бейнероликке Астана қаласының нотариустары Ж.Р.Авданбаева, Е.К.Тұрмағамбетов, Т.М.Хашиева, М.Г.Алтынбай, А.Ж.Амрин, Б.У.Сатмағамбетов, М.М.Мерғалиев белсене қатысып, Абайдың «Қара сөздерінің» мәнін шебер жеткізе білді. Олардың шығармашылық көзқарасы, рухани мұраға бей-жай қарамайтын жанашырлығы мен Абай еңбектеріне деген шынайы құрметі бейнероликте айқын көрініс тапты. Қосқан үлестері халқымыздың мәдени және рухани байлығын лайықты түрде көрсетуге зор септігін тигізді. Бейнеролик жазбасы: https://youtu.be/3-kbf93NCsk…
Читать дальше