Жаңа 2022 жылдарыңызбен
Құрметті Қазақстандықтар!
Құрметті нотариустар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2022 жылдарыңызбен шын жүректен
құттықтаймыз! Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған
істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Біз қашанда өткенге салауат айтып,
болашақтан жақсылық күткен халықпыз. Біздің көпұлтты өңірімізде татулық
пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты.
Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.
Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз
молшылыққа, әр шаңырақ береке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Барлық
бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге,
жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол
мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен
жасампаздыққа толтырғай! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық
тілейміз. Жаңа жылдарыңызбен!
Дорогие Казахстанцы!
Дорогие нотариусы!
Поздравляем Вас с новым 2022 годом! Желаем, чтобы для
казахстанцев год был плодотворным и продуктивным, чтобы наше
государство процветало! Желаем Вам интересных, успешных новых
проектов. Пусть этот год принесет много радостных событий, встреч и
осуществит все мечты и планы. Пусть праздничные фейерверки и звон
бокалов положат начало новому, счастливому периоду нашей жизни! Желаем
всем соотечественникам процветания нашего общего дома, чтобы в каждой
семье были достаток, мир и покой, чтобы в ваших семьях царили любовь,
счастье и благополучие. С новым годом!