2026 жылғы 1 қаңтардан бастап нотариаттық қызметтерге ақы төлеу қалай өзгерді

Нотариальная палата города Астана

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап нотариаттық қызметтерге ақы төлеу қалай өзгерді

         2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы жекеше нотариустардың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі өзгертілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 215-VIII Заңымен «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізілді.

Бұған дейін жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттік баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша, сондай-ақ құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтердің мөлшеріне сәйкес жүзеге асырылған болатын. 

Яғни, жеке нотариустың төлемі екі құрамдас бөліктен құрылды.

Мемлекеттік баж – мөлшері Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік баж түріндегі нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін төлем (бұрын ҚР СК 611-бабы).

Құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер-мөлшері нотариаттық іс-әрекет түріне байланысты және «Нотариат туралы» Заңның 30-1-бабында көзделген төлем.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.

Осылайша, төлем Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 533 «Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес алынады.

Бұл ретте мемлекеттік баж Салық кодексінің 667-бабына сәйкес елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам, мемлекеттік нотариустар, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік тұлғалар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттерге ғана қолданылатын болады.

Заңда нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін нотариаттық қызметтен ақы төлеуден босатылатын адамдардың тізбесі де көзделген.

Заңның 30-бабының 5-1-тармағына сәйкес жекеше нотариус жасайтын нотариаттық әрекеттер және өзге де көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуден мыналар босатылады:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;

      2) «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарында тұратын қарт адамдар – барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жан күйзелісі ауруымен ауыратын жеке тұлғалар – өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;

      5) жасына байланысты зейнеткерлер – осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 14), 15-1), 16) және 17) тармақшаларында белгіленген нотариаттық әрекеттерді қоспағанда, барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;

      6) қандастар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық әрекеттер бойынша;

      7) жетім балалар және он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде;

      8) «Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың ерiктi қоғамы» одағы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары – белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде.

Заңда объектінің құнынан есептелетін нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ставкалар сақталғанын атап өту маңызды. Мұндай жағдайлар құны аз объектілермен байланысты және іс жүзінде сирек кездеседі.

Мәселен, егер пәтердің, үйдің немесе басқа жылжымайтын мүліктің бағасы 30 АЕК-тен аспаса (2026 жылы бұл 129 750 теңгені құрайды), төмендетілген мөлшерлемелер қолданылады:

жақын туыстары үшін – 3 АЕК (12 975 теңге);

қалғандары үшін – 8 АЕК (34 600 теңге).

Ипотекамен жасалатын мәмілелер үшін жекелеген тарифтер белгіленді: ипотекалық тұрғын үй заемдары шарттарын куәландырғаны үшiн – 4 АЕК (17 300 теңге); ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша жылжымайтын мүліктің кепіл шарттарын куәландырған кезде – 4 АЕК (17 300 теңге).

Бұл ретте қарыз бен заемның өзге шарттарын куәландырғаны үшiн – 10 АЕК (43 250 теңге) болады.

Нотариаттық іс-әрекеттер мен өзге де көрсетілген қызметтерді жасағаны, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені және консультация бергені үшін ставкалардың толық мөлшерімен төменде танысуға болады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшері

АЕК – 4 325 теңге

М.О.

Нотариаттық әрекеттер түрлеріАЕКтеңге
сенімхат (басқа)             — жеке тұлғалар                                                                                    — заңды тұлғалар1,1 2,54 758 10 813
мүлiктi пайдалану және оған билік ету құқығына сенiмхат2,510 813
автомобиль көлік құралдарын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелетін тіркемелерді, соның ішінде орнатылған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жоғары өтімді арнайы машиналарды сату құқығынсыз пайдалану және басқару құқығына сенімхат417 300
құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің дұрыстығын куәландыру (әр бетіне):   — жеке тұлғалар —  заңды тұлғалар  0,1 0,17  433 735
Құжаттардағы қойылған қолтаңбаның төлнұсқалығын, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден екінші тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру (әрбір құжат үшiн):   — жеке тұлғалар —  заңды тұлғалар    0,53 1,1    2 292 4 758
автомобиль көлік құралдарын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркелетін тіркемелерді, соның ішінде орнатылған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жоғары өтімді арнайы машиналарды иеліктен шығару шарттары:        — егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса        — балаларына, жұбайына, ата-анасына,туған аға-інілері мен апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне        — басқа тұлғаларға.          12 4 10          51 900 17 300 43 250
қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттар:            —  егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса;        құны 30 АЕК-ден жоғары:        —  балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері мен            апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне;        — басқа тұлғаларға;             құны 30 АЕК-ге дейін:       —  балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері мен          апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне;        — басқа тұлғаларға;      17   7 12     3 8      73 525   30 275 51 900     12 975 34 600
ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайдарды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттар:           —  егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса; — балаларына, жұбайына, ата-анасына,туған аға-інілері мен апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне; — басқа тұлғаларға.      3 1,5 2,7    12 975 6 488 11 678
жалдау, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк шарттарын, неке келiсiмшарттарын, ортақ меншiктегi мүлiкті бөлу, мұрагерлiк мүлiктi бөлу шарттарын, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттар  10  43 250  
өзге де кепіл шарттары   1043 250
ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша жылжымайтын мүлікті кепілге қою шарттары417 300
ипотекалық тұрғын үй заемы шарттары417 300
өсиеттерді куәландыру312 975
құпия өсиет салынған конвертті ашу және құпия өсиетті жариялау кезінде1,25 190
құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік беру кезінде1,25 190
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығында мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктер беру521 625
мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктер бергені  үшiн – әрбір берiлген куәлiкке417 300
мұралық мүлікті қорғау жөнінде шаралар қабылдағаны үшін         834 600
телнұсқа беру312 975
Кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттары1,56 488
вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде1,56 488
Атқарушылық жазба жасау: —  жеке тұлғалар үшін — өндіріп алынатын соманың немесе талап  етілетін өзге жылжымалы мүлiктiң нарықтық құнының 0,2 %, бірақ  1 АЕК-тан кем емес және 50АЕК-тан артық емес;  0,2%, бірақ 4 325 т. кем емес ж/е 216 250 т. артық емес
заңды тұлғалар үшін — өндіріп алынатын соманың немесе талап  етілетін өзге жылжымалы мүлiктiң нарықтық құнының 1 %, бірақ 1,5 АЕК-тан кем емес, 100 АЕК-тан артық емес;1%,  бірақ 4 325 т. кем емес ж/е 216 250 т. артық емес
Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландыру1,56 488  
құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтау (әрбір айға)0,62 595
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да нотариаттық әрекеттер7,231 140
теңіздік наразылық жасаған кезде5,523 788
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа  жеке және заңды тұлғаларға бергені үшін0,73 028
құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн бергенi үшiн0,73 028
нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін): — жеке тұлғалар үшін;   -заңды тұлғалар үшін.  0,3   0,4  1 298 1 бет үшін. 1 730 1 бет үшін.
Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін): — жеке тұлғалар үшін;  заңды тұлғалар үшін  0,3   0,4  1 298 1 бет үшін. 1 730 1 бет үшін.
консультация беруді жүзеге асырғаны үшін14 325
Нотариустың жұмыс орнынан тыс жерде нотариалдық әрекет жасауға шығуы кезінде мүдделі тұлғалар оған нақты көлік шығындарын өтейді («Нотариат туралы» ҚР Заңының 30-бабының 6-тармағы)