«Қазіргі әлемдегі медиация.Қазақстан-Болгария» халықаралық форумы.  

Нотариальная палата города Астана

«Қазіргі әлемдегі медиация.Қазақстан-Болгария» халықаралық форумы.  

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойынша  «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» ЗТБ

2024 жылдың 25 сәуірінде Болгария Республикасының, Дүниежүзілік медиаторлар ұйымы медиаторларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңірлік медиаторларының, «Аманат Заңгер» медиация және құқық институты» қоғамдық бірлестігі төралқасының, Астана қаласының нотариус-медиаторлары А.А.Садвакасова, Е.А.Аменова, Ж.Ж.Алиеваның және Астана қаласы адвокаттарының қатысуымен «Денсаулық сақтаудағы медиация» тақырыбында конференция өтті.

«Татуласу орталығы» тәжірибе алмасуға арналған осындай маңызды шараның алаңына айналды. Ұйымдастырушыларға нотариустарды тәжірибе алмасуға, медиацияны дамытуға, шетелдік әріптестердің кеңестері мен әдістерін зерделеуге, талдауға және жұмыста қолдануға бағытталған пікірталастарға тартқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасады. Кездесу қызу әңгімелер мен пікірталастарға ұласты. Жасөспірімдердің отбасымен, бір-бірімен, оқу орындарының әкімшілігімен қарым-қатынасы туралы тақырыптар қозғалды, отбасылық жанжалдардың кейбір мәселелері, оларды шешудің қиындығы және олардың салдары қарастырылды, сонымен қатар шетелдік медиаторлар өз қоғамында медиацияны тарату тәжірибесімен бөлісті.