Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the acf domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/notpalata-nursultan.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Нотариальная палата г.Астана

Нотариальная палата города Астана

30 мамырда сағат 17:00 Қазақстанның барлық өңірлерінде «Халық заңгері» тегін республикалық акциясы басталады, онда құқық саласының сарапшылары азаматтарға барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша тегін кеңес береді.

       Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері және т. б. қатысады.

       Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,  ҚР Әділет министрлігі,  Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі.

       Астана қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайы бойынша Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ғимаратында өтеді.

       Көмектесуге бірігеміз!