1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: елдің құқықтық жүйесі дамуының жаңа кезеңі күшіне енді

Нотариальная палата города Астана

1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: елдің құқықтық жүйесі дамуының жаңа кезеңі күшіне енді

Бүгін, 1 шілдеде, жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – еліміздің Ата Заңы күшіне енді. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуындағы маңызды тарихи оқиға әрі заңнаманы одан әрі жетілдірудің жаңа бағытын айқындайтын кезең.

Жаңа Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын бекітеді, атап айтқанда: мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдық диалогты дамыту, жауапты әрі жасампаз отансүйгіштік идеясын ілгерілету, еңбекқорлық, прогресс пен білім құндылықтарын орнықтыру, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау.

Дәл осы конституциялық құндылықтар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін одан әрі дамытудың негізіне айналып, заңнаманы жетілдірудің басты бағдарын айқындайды.

2026 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесі отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев жаңа Конституция ұлттық құқықтық жүйені жан-жақты жаңғыртуға берік нормативтік және институционалдық негіз қалағанын атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы құқықтық реттеудің сапалық тұрғыдан жаңа бағдарларын қалыптастырып, жеке құқықтың іргелі институттарын қайта пайымдауды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеуді талап етеді.

Әділет министрі алдағы азаматтық заңнаманы жаңарту жұмыстары оны жаңа конституциялық қағидаттарға, сондай-ақ мемлекет, қоғам және экономиканың қазіргі даму талаптарына сәйкестендіруге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Ең алдымен, меншік құқығы туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Конституция меншік нысандарының барлық түріне тең дәрежеде қорғау кепілдігін бекітті. Осыған байланысты заттық құқықтар туралы нормаларды жаңарту, мүлікті қорғау кепілдіктерін, мүліктік құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту және инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру міндеті тұр.

Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы дамытуға ерекше назар аударылатын болады, өйткені қазіргі экономика қарқынды өзгеріп, цифрлық активтер, жасанды интеллект нысандары, үлкен деректер және зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелері пайда болуда, сондықтан оларды заманауи әрі кешенді құқықтық реттеу қажет.

Жаңа Конституция адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін одан әрі күшейтеді. Бұл ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді, жеке өмірге қол сұқпаушылықты және дербес деректерді қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіруді көздейді.

Маңызды бағыттардың бірі – цифрлық экономиканы заңнамалық тұрғыдан дамыту. Азаматтық кодекс деңгейінде электрондық мәмілелерді, смарт-келісімшарттарды, цифрлық сәйкестендіруді және қазіргі таңда азаматтық айналымның ажырамас бөлігіне айналып келе жатқан өзге де заманауи құқықтық институттарды құқықтық реттеуді бекіту жоспарлануда.

Сонымен қатар, азаматтық заңнама инвестицияларды қорғаудың, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің және коммерциялық дауларды шешудің қазіргі заманғы халықаралық стандарттарына сәйкестендіріледі. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұлттық құқықтық жүйеге деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Маңызды міндеттердің бірі қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтар мен жекелеген нормалардың қайталануын жою болады. Азаматтық кодекстің жаңа редакциясы экономиканың ұзақ мерзімді дамуына және азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтарын тиімді қорғауға бағдарланған, заманауи, бірізді әрі қисынды түрде жүйеленген заңнамалық актіге айналуға тиіс.

Алдағы реформа нотариат қауымдастығы үшін ерекше маңызға ие. Азаматтық кодекс – мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды, меншік құқығын, міндеттемелерді, шарттық қатынастарды, мұрагерлік құқықты және азаматтық айналымның өзге де институттарын реттейтін жеке құқықтың негізгі заңнамалық актісі.

Азаматтық кодекстің нормаларын нотариустар күн сайын мәмілелерді куәландыру, мұрагерлік құқықтарды ресімдеу, мұраға құқық туралы куәліктер беру, мұралық мүлікті қорғау жөніндегі шараларды қабылдау және өзге де нотариаттық әрекеттерді жасау кезінде қолданады. Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтарды ресімдеу нотариустардың айрықша құзыретіне жататынын атап өткен жөн. Сондықтан азаматтық заңнаманы жетілдіру нотариаттық тәжірибеге тікелей әсер етіп, нотариат институтын одан әрі дамытудың маңызды кезеңіне айналады.

Астана қаласының Нотариаттық палатасы жүргізіліп жатқан конституциялық және құқықтық реформаларды қолдайды және азаматтық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылауға әрі әзірлеуге белсенді қатысуға дайын. Алдағы уақытта заң шығарушылардың, Әділет министрлігінің, ғылыми қауымдастықтың, тәжірибелі заңгерлер мен нотариат өкілдерінің Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу бағытында ауқымды бірлескен жұмысы күтіп тұр. Бұл – еліміздің ең маңызды заңдарының бірі ретінде алдағы көптеген жылдар бойы жеке құқықтың дамуын айқындайтын, азаматтардың құқықтарын сенімді қорғауды, азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және заң үстемдігі қағидатын одан әрі нығайтатын негізгі заңнамалық актігі айналмақ.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы Нотариаттық палатасының төрайымы  Айкешева А.М.

1 июля – вступила в силу новая Конституция Республики Казахстан: новый этап развития правовой системы страны

Сегодня, 1 июля, вступила в силу новая Конституция Республики Казахстан – Основной Закон страны, принятый на всенародном референдуме. Это знаковое событие открывает новый этап развития казахстанской государственности и определяет дальнейшие направления совершенствования законодательства.

Новая Конституция закрепляет фундаментальные принципы деятельности Республики Казахстан: защиту суверенитета и независимости государства, обеспечение верховенства закона, соблюдение прав и свобод человека и гражданина, повышение благосостояния народа, развитие общественного диалога, продвижение идеи ответственного и созидательного патриотизма, утверждение ценностей трудолюбия, прогресса и знаний, формирование высокой экологической культуры, сохранение историко-культурного наследия и поддержку национальной культуры.

Именно эти конституционные ценности становятся основой дальнейшего развития правовой системы Республики Казахстан и ориентиром для совершенствования законодательства.

Выступая 29 июня 2026 года на заседании Общественного совета Министерства юстиции Республики Казахстан, Сарсембаев Ерлан Жаксылыкович отметил, что новая Конституция заложила прочную нормативную и институциональную основу для глубокой модернизации всей национальной правовой системы. По его словам, принятие новой Конституции формирует качественно новую систему нормативно-правовых ориентиров, которая требует переосмысления фундаментальных институтов частного права и разработки новой редакции Гражданского кодекса Республики Казахстан.

Министр юстиции подчеркнул, что предстоящее обновление гражданского законодательства должно быть направлено на приведение его в соответствие с новыми конституционными принципами и современными вызовами развития государства, общества и экономики.

Прежде всего, предстоит дальнейшее совершенствование законодательства о праве собственности. Конституция закрепила равную защиту всех форм собственности, что требует модернизации норм о вещных правах, усиления гарантий защиты имущества, ответственности за нарушение имущественных прав и повышения уровня защиты инвесторов.

Особое внимание будет уделено развитию законодательства в сфере интеллектуальной собственности. Современная экономика стремительно меняется, появляются цифровые активы, объекты искусственного интеллекта, большие данные и иные результаты интеллектуальной деятельности, которые должны получить современное и комплексное правовое регулирование.

Новая Конституция также усиливает гарантии прав и свобод человека, что предполагает дальнейшее совершенствование механизмов защиты чести, достоинства, деловой репутации, неприкосновенности частной жизни и персональных данных.

Важным направлением станет законодательное развитие цифровой экономики. Планируется закрепить на уровне Гражданского кодекса регулирование электронных сделок, смарт-контрактов, цифровой идентификации и других современных правовых институтов, которые уже становятся неотъемлемой частью гражданского оборота.

Кроме того, гражданское законодательство будет приведено в соответствие с современными международными стандартами защиты инвестиций, ведения бизнеса и разрешения коммерческих споров, что позволит повысить инвестиционную привлекательность Казахстана и укрепить доверие к национальной правовой системе.

Не менее важной задачей станет устранение существующих противоречий и дублирования отдельных норм действующего законодательства. Новая редакция Гражданского кодекса должна стать современным, последовательным и логически выстроенным законодательным актом, ориентированным на долгосрочное развитие экономики и эффективную защиту прав участников гражданских правоотношений.

Особое значение предстоящая реформа имеет для нотариального сообщества. Гражданский кодекс является основополагающим законом частного права, регулирующим имущественные и личные неимущественные отношения, право собственности, обязательства, договорные отношения, наследственное право и иные институты гражданского оборота.

Именно нормы Гражданского кодекса ежедневно применяются нотариусами при удостоверении сделок, оформлении наследственных прав, выдаче свидетельств о праве на наследство, принятии мер по охране наследственного имущества и совершении иных нотариальных действий. Следует отметить, что оформление наследственных прав в Республике Казахстан относится к исключительной компетенции нотариусов, поэтому совершенствование гражданского законодательства непосредственно затронет нотариальную практику и станет важным этапом дальнейшего развития института нотариата.

Нотариальная палата города Астаны поддерживает проводимые конституционные и правовые реформы и готова принимать активное участие в обсуждении и подготовке предложений по совершенствованию гражданского законодательства. Впереди предстоит масштабная совместная работа законодателей, Министерства юстиции, научного сообщества, практикующих юристов и нотариата по разработке новой редакции Гражданского кодекса Республики Казахстан — одного из важнейших законов страны, который на многие годы вперед определит развитие частного права, обеспечит надежную защиту прав граждан, стабильность гражданского оборота и дальнейшее укрепление принципа верховенства закона.

Член Общественного совета Министерства юстиции РК, председатель нотариальной палаты города Астаны  Айкешева А.М.