Әділет қызметкерлерінің күні құтты болсын!

Нотариальная палата города Астана

Әділет қызметкерлерінің күні құтты болсын!

Құрметті әділет органының қызметкерлері!

Астана қаласының Нотариаттық палатасы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

Қазақстанның әділет органдары тәуелсіздіктің бүкіл кезеңінде мемлекеттілікті дамытуға және нығайтуға, заңнаманы жетілдіруге, әділдік қағидаттарын бекітуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға және қорғауға белсенді ықпал етуде.

Осы атаулы күні Сіздерге күрделі де жауапты жұмыстарыңызға табыс, кәсіби шеберліктеріңіздің шыңдалып, алға қойған міндеттеріңіздің орындалуы үшін зор денсаулық тілейміз!

Құрметпен,

Астана қаласы

Нотариаттық палатасының

төрайымы А. Айкешева