Құрметті Астана қаласының нотариустары!
Астана қаласының Нотариаттық палатасы Сіздерді Республика күнімен құттықтайды!
25 қазан – еліміз үшін тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Өйткені, 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.
Декларацияда еліміздің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері мәлімделді. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен мызғымастығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.
Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымағымызды одан әрі күшейтуге арналған жарқын мереке.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, барлық алға қойған жоспарларыңыздың жүзеге асуын және қызметтеріңізге толағай табыстар тілейміз!