Республика күні құтты болсын!

Нотариальная палата города Астана

Республика күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – еркіндіктің, бірліктің және ортақ мақсаттарға ұмтылудың символы.
25 қазан күнінің таңдалуы кездейсоқ емес: дәл осы күні, 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Аталған Декларация Қазақ КСР-інің егемендігін жариялап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының саяси-құқықтық негіздерін айқындады. Егемен мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде унитарлық мемлекет құру, аумақтың тұтастығын, бөлінбейтіндігін және оған қол сұғылмауын қамтамасыз ету, қазақ халқының және Қазақстанның өзге де халқының төл мәдениетін, дәстүрлері мен тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту белгіленді.
Әрқайсымыздың еңбегіміз еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қоса берсін! Сіздерге сарқылмас күш-қуат, ауқымды жоспарларыңыздың жүзеге асуын, тұрақтылық пен жаңа жетістіктер тілейміз!

С Днем Республики!
Уважаемые коллеги!

Поздравляем Вас с Днем Республики! Этот день символизирует свободу, единство и стремление к общим целям.
Дата 25 октября была выбрана неслучайно: именно в этот день в 1990 году постановлением Верховного Совета КазССР № 307-XII была принята Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР. Декларация провозгласила суверенитет Казахской ССР и декларировала политико-правовые основы Казахстана как независимого государства. В качестве основополагающих принципов суверенной государственности были установлены: унитарное государство, целостность, неделимость и неприкосновенность территории, возрождение и развитие самобытной культуры, традиций, языка казахского народа и других народов Казахстана, укрепление национальной самобытности.
Пусть труд каждого из нас вносит свой вклад в развитие и процветание нашей страны. Желаем Вам неиссякаемой энергии, реализации грандиозных планов, стабильности, и новых достижений.

Председатель Нотариальной палаты
города Астана Айкешева А.М.