НОТАРИАТТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

Нотариальная палата города Астана

НОТАРИАТТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

         Қазақстан Республикасында нотариаттың мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жыл сайын 14 шілде – Нотариат күні ретінде кәсіби мереке болып белгіленді. 1997 жылы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған сәттен бастап еліміздің нотариат жүйесі елеулі даму жолынан өтті. Осы саладағы заңнама қоғамның заманауи талаптарына, мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуына және азаматтар мен бизнестің құқықтық қорғалу деңгейін арттыру қажеттілігіне сәйкес бірнеше рет жетілдірілді. Нотариат мемлекеттің құқық қорғау және құқықтық қорғау институттарының жүйесінде ерекше орын алады. Бұл – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, даусыз құқықтарды, фактілер мен мәмілелерді куәландыру арқылы жүзеге асырылатын заңмен бекітілген жүйе. Нотариус тек куәландырушы тұлға ғана емес, сонымен қатар құқықтық даулардың алдын алатын маңызды құқықтық институт болып табылады. Көптеген жағдайларда нотариат азаматтық айналымдағы заңдылықты қамтамасыз етіп, сот дауларының туындауына жол бермейді. Нотариат пен сот азаматтық-құқықтық қатынастардағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ортақ міндетті атқарады, алайда бұл міндетті әртүрлі кезеңдерде жүзеге асырады. Сот туындаған құқықтық дауды қарайды, ал нотариат алдын ала заңдылық бақылауын жүргізіп, құқық бұзушылықтардың болашақта орын алуына жол бермейді. Нотариалды куәландырылған шарт мүдделі тұлғалардың құқықтарын қорғауды едәуір жеңілдетеді. Тараптардың қолдарының түпнұсқалығы, мәміленің жасалған уақыты мен орны, ерік білдіруі, міндеттемелердің мазмұны және өзге де заңдық мәні бар мән-жайлар жоғары дәлелдемелік күшке ие болады. Бұл өз кезегінде теріс пайдалану тәуекелдерін және кейінгі сот дауларын айтарлықтай азайтады. Іс жүзінде әрбір азамат өмірінің белгілі бір кезеңінде нотариус қызметіне жүгінеді: жылжымайтын мүлік пен көлікке қатысты мәмілелер жасау кезінде, өсиет рәсімдеуде, мұрагерлік құқықтарды ресімдеуде, сенімхаттар мен келісімдер беруде, құжаттардың көшірмелерін куәландыруда, атқарушылық жазбалар жасауда және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттерде. Отандық нотариаттың дамуы үшін Қазақстанның Халықаралық Латын нотариаты одағына мүше болуы маңызды оқиға болды. Бұл ұлттық құқықтық жүйеге нотариат қызметінің үздік халықаралық стандарттарын енгізуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда нотариат қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері өзекті болып отыр. Атап айтқанда, еуропалық озық тәжірибелерді енгізу, нотариус көмекшісінің мәртебесін көтеру, кадрларды кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру және нотариустың кәсіби жауапкершілік институтын дамыту маңызды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Нотариат туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар нотариат қызметін цифрландыруға және халық үшін нотариаттық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталды. Қазіргі уақытта азаматтар жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді объектінің орналасқан жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген нотариусында рәсімдей алады. Бұл құқықтарды рәсімдеу тәртібін айтарлықтай жеңілдетіп, азаматтардың уақыттық және қаржылық шығындарын азайтты. Электрондық нотариаттың енгізілуі ерекше маңызға ие болды. Қағаз құжаттар электрондық форматқа, ал электрондық құжаттар қағаз нұсқаға ауыстырылып, олардың заңды күші толық сақталады. Бұл нотариаттық құжаттарды өңірлер арасында азаматтардың жеке баруынсыз, курьерлік қызметтерсіз немесе пошта арқылы жедел жеткізуге мүмкіндік береді. eGov Mobile платформасы және eNotary сервисі арқылы азаматтарға жекелеген нотариаттық әрекеттер онлайн режимде қолжетімді. Авторизациядан өтіп, биометриялық сәйкестендіруден (Digital ID), электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюдан және нотариуспен бейнебайланыстан кейін клиент нотариалды куәландырылған құжатты қашықтан ала алады. Мұндай құжаттар электрондық нотариат жүйесінде сақталады, жоғалудан, қолдан жасалудан және рұқсатсыз өзгерістерден қорғалған. Әрбір құжатқа бірегей нөмір мен QR-код беріледі, бұл оның түпнұсқалығын жедел тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке тұлғаны сәйкестендіру рәсімі де айтарлықтай жеңілдеді. eGov Mobile қосымшасы болған жағдайда азаматтың жеке куәлігі немесе паспортының қағаз нұсқасын алып жүруі міндетті емес — нотариус мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы цифрлық құжат негізінде тұлғаны анықтай алады. Бұл өзгерістер нотариаттың цифрлық трансформация бағытында сенімді дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен бірге оның негізгі миссиясы — азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып қала береді. Бүгінде мемлекет алдында нотариат саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, нотариустардың кәсіби деңгейін көтеру, олардың қызметінің құқықтық кепілдіктерін нығайту және нотариат қауымдастығына деген қоғамдық сенімді арттыру міндеті тұр. Нотариустардың әлеуметтік және кәсіби қорғалу мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс. Жоғары жауапкершілік деңгейіне сай лайықты табыс, салықтық жеңілдіктер, кәсіби құқықтарды қорғау және нотариус мәртебесін көтеру — нотариат институтын одан әрі дамытудың маңызды шарттары. Өзімнің көпжылдық кәсіби қызметім барысында нотариус мамандығының қоғамдық маңыздылығына тағы да көз жеткіздім. Нотариус күн сайын адамдардың тағдырымен жұмыс істейді, олардың өмірлік маңызды мәселелерін шешуге көмектеседі, құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етеді және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтады. Нотариат — бұл жай ғана заңгерлік мамандық емес, ол құқықтық мемлекеттің маңызды тірегі, заңдылықтың, тұрақтылықтың және адам құқықтарын қорғаудың кепілі. Кәсіби мереке — Нотариат күні қарсаңында әріптестерімді және барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс, елімізге бейбітшілік, бірлік және өркендеу тілеймін!

Қарабеков Сайлау Смағұлұлы Астана қаласы нотариаттық палатасының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Құрметті заңгері»

МЕСТО НОТАРИАТА В СИСТЕМЕ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ И ЕГО РОЛЬ В ОБЩЕСТВЕ НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ

В целях повышения статуса нотариата в Республике Казахстан Приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года №258 «Об утверждении перечня профессиональных праздников» 14 июля официально установлен профессиональный праздник – День нотариата. С момента принятия Закона Республики Казахстан                   «О нотариате» в 1997 году нотариальная система страны прошла значительный путь развития. Законодательство в данной сфере неоднократно совершенствовалось с учетом современных требований общества, цифровизации государственных услуг и необходимости повышения уровня правовой защиты граждан и бизнеса. Нотариат занимает особое место в системе правозащитных и правоохранительных институтов государства. Это законодательно закрепленная система органов и уполномоченных лиц, совершающих нотариальные действия, направленные на обеспечение защиты прав и законных интересов физических и юридических лиц путем удостоверения бесспорных прав, фактов и сделок. Нотариус является не только удостоверяющим лицом, но и важным участником профилактики правовых споров. Именно нотариат во многих случаях предотвращает возникновение судебных конфликтов, обеспечивая законность и юридическую чистоту гражданского оборота. Нотариат и суд осуществляют единую задачу по обеспечению законности в гражданско-правовых отношениях, однако выполняют ее на разных этапах. Суд рассматривает уже возникший спор о праве, тогда как нотариат осуществляет предварительный контроль законности, предупреждая возможные нарушения прав в будущем. Нотариально удостоверенный договор существенно упрощает защиту прав заинтересованных лиц. Подлинность подписей, дата и место совершения сделки, волеизъявление сторон, содержание обязательств и иные юридически значимые обстоятельства приобретают повышенную доказательственную силу, что значительно снижает риск злоупотреблений и последующих судебных разбирательств. Практически каждый гражданин в той или иной жизненной ситуации обращается к нотариусу: при оформлении сделок с недвижимостью, транспортом, при составлении завещаний, оформлении наследства, выдаче доверенностей, согласий, удостоверении копий документов, исполнительных надписей и иных юридически значимых действий. Особое значение для развития отечественного нотариата имело вступление Казахстана в Международный союз латинского нотариата, что позволило интегрировать лучшие международные стандарты нотариальной деятельности в национальную правовую систему. Сегодня актуальными остаются вопросы дальнейшего совершенствования нотариальной деятельности, включая внедрение прогрессивных европейских подходов, повышение статуса помощника нотариуса, совершенствование системы профессиональной подготовки кадров, а также развитие института профессиональной ответственности нотариуса. Серьезным этапом модернизации стало вступление в силу с 1 июля 2021 года изменений и дополнений в Закон «О нотариате», направленных на цифровизацию нотариальной деятельности и повышение доступности нотариальных услуг для населения. В настоящее время граждане могут удостоверять сделки с недвижимостью у любого нотариуса на территории Республики Казахстан независимо от места нахождения объекта недвижимости. Это значительно упростило процедуру оформления прав и снизило временные и финансовые затраты граждан. Большое значение имеет внедрение электронного нотариата. Бумажные документы теперь могут быть преобразованы в электронный формат и наоборот, при этом их юридическая сила сохраняется в полном объеме. Это позволяет оперативно передавать нотариальные документы между регионами без необходимости личного выезда, использования курьерских служб или почтовых отправлений. Через платформу eGov Mobile и сервис eNotary гражданам доступны отдельные нотариальные действия в онлайн-режиме. После авторизации, прохождения биометрической идентификации (Digital ID), подписания документов с использованием ЭЦП и видеосвязи с нотариусом клиент может получить нотариально удостоверенный документ дистанционно. Такие документы сохраняются в системе электронного нотариата, защищены от утраты, подделки и несанкционированных изменений. Каждому документу присваивается уникальный номер и QR-код, что позволяет оперативно проверить его подлинность. Также значительно упростилась процедура идентификации личности. При наличии приложения eGov Mobile гражданину не обязательно иметь при себе удостоверение личности или паспорт — нотариус может установить личность посредством цифрового документа через государственную информационную систему. Все эти изменения свидетельствуют о том, что нотариат уверенно развивается в направлении цифровой трансформации, сохраняя при этом свою основную миссию — защиту законных прав и интересов граждан и юридических лиц. Сегодня перед государством стоит важная задача дальнейшего совершенствования законодательства в сфере нотариата, повышения профессионального уровня нотариусов, укрепления правовых гарантий их деятельности, а также повышения общественного доверия к нотариальному сообществу. Особое внимание должно уделяться вопросам социальной и профессиональной защищенности нотариусов. Достойный уровень дохода, соответствующий высокой степени ответственности, налоговые стимулы, защита профессиональных прав и повышение общественного статуса нотариуса являются необходимыми условиями дальнейшего развития института нотариата. За годы своей профессиональной деятельности я еще раз убедился в высокой общественной значимости нотариальной профессии. Нотариус ежедневно работает с судьбами людей, помогает решать жизненно важные вопросы, обеспечивает правовую стабильность и укрепляет доверие граждан к государственным институтам. Нотариат — это не просто юридическая профессия, а важнейший элемент правового государства, гарант законности, стабильности и защиты прав человека. В преддверии профессионального праздника — Дня нотариата — от всей души поздравляю своих коллег и всех казахстанцев, желаю крепкого здоровья, благополучия, профессиональных успехов, мира, согласия и процветания нашей стране.

Карабеков Сайлау Смагулович член нотариальной палаты города Астана, «Почетный юрист» Республики Казахстан