Наурыз мерекесі құтты болсын!

Нотариальная палата города Астана

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.

Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.

Қазақстандықтар үшін Наурыз – айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.

Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік!

Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз – салауатты өмірдің салтанаты. Наурыз – қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат-Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы.

Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!

Құрметпен, Нұр-Сұлтан қаласы нотариаттық палатасының Төрайымы- А.Айкешева

Уважаемые коллеги!

Наурыз – это праздник весны и обновления, когда вся природа оживает, всё обновляется, рождаются новые надежды.

Я поздравляю всех Вас с национальным праздником Наурыз! Пусть этот светлый и весенний праздник, который является началом новой жизни, приносит Вам много радости и счастья! Пусть этот праздник будет посредником согласия, уважения, почтения и любви в каждой семье! Желаем Вам вдохновения, энергии на новые свершения, самых смелых творческих планов и их скорейшего воплощения.

С уважением, Председатель Нотариальной палаты города Нур-Султан А.Айкешева