«Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі және ашықтығы»

Нотариальная палата города Астана

«Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі және ашықтығы»

9-10 наурызда ҚР Қаржы мониторингі агенттігі мен Еуропалық Одақ өкілдігінің ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы құқық үстемдігі, экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша бағдарлама шеңберінде «Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі және ашықтығы» атты тренингі өткізілді.

Тренинг барысында Еуропа Кеңесінің кеңесшілері Тимоти Уильям Ло мен Рамандип Каур Чхина бенефициарлық меншік принциптері мен тұжырымдары, бенефициарлық меншіктің ашықтығы бойынша халықаралық стандарттары  (ФАТФ ұсынымдары, ПОД бойынша ЕО директивалары және ИПДО стандарттары), негізгі юрисдикциялардағы бенефициарлық меншік құқығын қабылдау мәртебесі және бенефициарлық меншікті сәйкестендіруге қатысты соңғы әзірлемелер, заңды тұлғалар мен заңды құрылымдарды пайдалану типологиясы, ҚКЗ/ТҚ саласындағы қадағалау және бенефициарлық меншікке байланысты хабарламаларға қойылатын талаптар (тәуекелдерді бағалау құралдары), заңды тұлғалар мен заңды құрылымдардың бенефициарлық меншігі туралы ақпарат алу механизмдері мен көздері туралы айтты.

Тренингке қаржы мониторингі субъектілерінің қаржылық емес секторы нотариустар, аудиторлар, бухгалтерлер, адвокаттар, бухгалтерлік ұйымдар және кәсіби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар; ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар, бағалы металдармен және асыл тастармен, зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі қатысты.