Құрметті әріптестер! Астана қаласының нотариаттық палатасы ҚР ҚМА қаржы мониторингі субъектілерінің жеке кабинеттерінде ФМ-1 нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық пен оның жаңа редакциядағы нысаны орналастырылғанын хабарлайды.
Құрметті әріптестер!
Астана қаласының нотариаттық палатасы ҚР ҚМА қаржы мониторингі субъектілерінің жеке кабинеттерінде ФМ-1 нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық пен оның жаңа редакциядағы нысаны орналастырылғанын хабарлайды.
Көрсетілген материалдардың құпия сипатқа ие екеніне және оларды қайта жіберуге немесе таратуға болмайтынына ерекше назар аударамыз. Осыған байланысты әрбір нотариус ҚМА-дағы өзінің жеке кабинетінен тиісті құжаттарды өз бетінше жүктеп алып, олармен мұқият танысуы және ҚКЗ/ТҚ/ЖҚҚТҚ (ПОД/ФТ/ФРОМУ) саласындағы міндеттерін орындау кезінде құжаттардың қолданыстағы редакциясын басшылыққа алуы қажет.
Нотариаттық қоғамдастықта практикалық сипаттағы бірқатар мәселелер туындатқан ҚКЗ/ТҚ/ЖҚҚТҚсаласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласының Нотариаттық палатасы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдерімен, сондай-ақ Алматы қаласының нотариустары З.Б.Серкешева және Д.Джаримбетовамен жұмыс кездесуін өткізгенін естеріңізге саламыз.
Кездесу барысында Палата енгізілген жаңалықтарды және олардың нотариустар тарапынан практикалық қолданылуын талдау нәтижесінде анықталған проблемалық мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, бұған дейін ФМ-1 нысанында өз сипаты бойынша қаржылық мониторинг объектісі болып табылатын операциялармен тікелей байланысты емес нотариаттық іс-әрекеттердің жекелеген түрлері қарастырылғанына назар аударылды.
Бірыңғай тәсілді қалыптастыру және практикада туындайтын құқықтық және техникалық мәселелерді шешу мақсатында Палата тиісті ұсыныстармен ҚР ҚМА атына ресми жазбаша өтініш жолдады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша нотариаттық қоғамдастықтың нотариаттық іс-әрекеттер тізбесін қайта қарау жөніндегі ұсынысы АФМ тарапынан қарауға қабылданды. Қазіргі уақытта орналастырылған ФМ-1 нысанының жаңа редакциясынан ҚКЗ/ТҚ/ЖҚҚТҚсаласындағы заңнаманың реттеу объектілеріне тікелей қатысы жоқ бірқатар нотариаттық іс-әрекеттер алынып тасталды, олардың қатарында мұраға құқық туралы куәліктер беру, фактілерді куәландыру, құжаттардағы қолтаңбаның түпнұсқалығын куәландыру және басқа да іс-әрекеттер бар.
Сонымен қатар, ҚР ҚМА алдына ҚМА ақпараттық жүйелерін БНЦЖ 2 жүйесімен интеграциялау, оның ішінде ФМ-1 нысанын автоматты түрде қалыптастыру және жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселесі қойылды.
Аталған интеграцияны іске асыру мәліметтерді қолмен толтыру қажеттілігін барынша азайтуға, техникалық қателердің туындау ықтималдығын төмендетуге, нотариустардың жұмысын оңтайландыруға және олардың Қазақстан Республикасының ҚКЗ/ТҚ/ЖҚҚТҚсаласындағы заңнамада көзделген міндеттерін неғұрлым тиімді орындау тетігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осы мәселе бойынша жұмыс жалғасуда.
Көрсетілген ақпаратты назарға алуды, жаңартылған құжаттармен тікелей ҚР ҚМА жеке кабинетіңіз арқылы танысуды және оларды алдағы жұмыста басшылыққа алуды сұраймыз.
Астана қаласы
Нотариаттық палатасының
төрайымы А.М. Айкешева
Уважаемые коллеги!
Нотариальная палата города Астаны информирует, что в личных кабинетах субъектов финансового мониторинга АФМ РК размещены Руководство по заполнению и форма ФМ-1 в новой редакции.
Обращаем особое внимание, что указанные материалы имеют конфиденциальный характер и не подлежат пересылке и распространению. В связи с этим каждому нотариусу необходимо самостоятельно скачать соответствующие документы в своем личном кабинете АФМ, внимательно ознакомиться с ними и руководствоваться актуальной редакцией при исполнении обязанностей в сфере ПОД/ФТ/ФРОМУ.
Напоминаем, что в связи с изменениями законодательства в сфере ПОД/ФТ/ФРОМУ, вызвавшими у нотариального сообщества ряд вопросов практического характера, в июле текущего года Нотариальной палатой города Астаны была проведена рабочая встреча с представителями Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, нотариусами города Алматы Серкешевой З.Б. и Джаримбетовой Д.
В ходе встречи Палатой были обозначены проблемные вопросы, выявленные при анализе нововведений и их практического применения нотариусами. В частности, было обращено внимание на то, что ранее в форме ФМ-1 предусматривались отдельные виды нотариальных действий, которые по своему характеру не связаны непосредственно с операциями, являющимися объектом финансового мониторинга.
В целях выработки единообразного подхода и устранения возникающих на практике правовых и технических вопросов Палатой также было направлено официальное письменное обращение в адрес АФМ РК с соответствующими предложениями.
По результатам проведенной работы предложение нотариального сообщества о пересмотре перечня нотариальных действий было принято АФМ в работу. В размещенной в настоящее время новой редакции формы ФМ-1 исключен ряд нотариальных действий, не относящихся непосредственно к объектам регулирования законодательства в сфере ПОД/ФТ/ФРОМУ, в том числе свидетельства о праве на наследство, удостоверение фактов, свидетельствование подлинности подписи на документах и другие действия.
Кроме того, перед АФМ РК поставлен вопрос об интеграции информационных систем АФМ с ЕНЦС 2, в том числе в целях обеспечения возможности автоматизированного формирования и передачи формы ФМ-1.
Реализация указанной интеграции позволит минимизировать ручное заполнение сведений, снизить вероятность технических ошибок, оптимизировать работу нотариусов и создать более эффективный механизм исполнения ими обязанностей, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в сфере ПОД/ФТ/ФРОМУ.
Работа по данному вопросу продолжается.
Просим принять указанную информацию к сведению, ознакомиться с обновленными документами непосредственно в личном кабинете АФМ РК и применять их в дальнейшей работе.
Председатель
Нотариальной палаты города Астаны
А.М. Айкешева

